Қазақстанның жаңа көмір саясатының маңызды бағыты – өнеркәсіпті шикізаттан көмір өндіру және терең өңдеу саласына айналдыру. Көмірді терең өңдеу жобаларын іске асыруға, жаңа жоғары технологиялық көмір кәсіпорындарын салуға бағытталған көмір өнеркәсібін одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп, қабылдау қажет.
Көмірді тереңдете өңдеудің отандық ғылыми әзірлемелері мен технологияларын енгізу бойынша ұсынымдар дайындалды.