Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» (бұдан әрі - Жоба) жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары: Индустриялық-ғылыми технологиялық консорциум» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланғанын хабарлайды. Гранттық бағдарламаның мақсаты − консорциумдардың инновациялық шешімдерін, ғылыми әзірлемелері және/немесе технологияларын коммерцияландыру.

Гранттық бағдарламаның мақсаты − консорциумдардың инновациялық шешімдерін, ғылыми әзірлемелері және/немесе технологияларын коммерцияландыру.

Гранттық бағдарлама шеңберінде бірнеше қатысушы арасында консорциум құру қажет. Консорциумның міндетті шарты - кемінде екі (2) үлестес емес өндірістік кәсіпорын және кемінде бір (1) ғылыми ұйым қатысуы тиіс.

Гранттың максималды сомасы 650 млн.теңгеге дейін (А гранты бойынша) және 250 млн. теңгеге дейін (В гранты бойынша), 18 айға дейін іске асыру мерзіміне беріледі.

Қоса қаржыландыру сомасы грант сомасының кемінде 50 пайызын (А гранты бойынша) және грант сомасының кемінде 30 пайызын (В гранты бойынша) құрауға тиіс.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 25 мамырда басталып, 2023 жылғы 10 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Гранттық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру мақсатында Сізден өз салаңыздағы өндірістік кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдар арасында байқаудың басталуы туралы ақпаратты таратуға жәрдем көрсетуіңізді сұраймыз.

Гранттар бағдарламасы бойынша толығырақ ақпаратты www.fpip.kz Жобаның сайтынан ала аласыз. Барлық сұрақтар бойынша Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасы немесе +7 777 149 80 36 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз.

Вице-министр А. Жамбакин