НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев 5G желісін енгізу мерзімі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес министрлік Қазақстанда 5G желісін енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл үшін Жол картасы бұрыннан бекітілген. 5G ұялы байланысын тестілеу Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткізілді, сонымен қатар Шымкент қаласында осы жылдың қазан айында өткізіледі деп жоспарлануда. Тест нәтижелері бойынша Интернетті, телемедицинаны, индустрияны және ақылды қалаларды цифрландыру кезінде технологияны пайдалану мүмкіндіктеріне талдау жасалады », - деді Асқар Жұмағалиев Үкімет отырысында.«Елордада 5G технологиясын 2021 жылдың аяғына дейін Назарбаев Университеті мен ЭКСПО-да енгізу жоспарлануда, 2022 жылы 5G әуежайда, теміржол вокзалында, ірі сауда орталықтары мен орындарда пайда болуы керек. Әрі қарай, 2023 жылдан бастап 5G-ді еліміздің барлық облыс орталықтарында енгізу жұмыстары басталады », - деді министр.«Осылайша, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан халқының 97%2022 жылдың аяғына дейін кең жолақты Интернетке қол жеткізе алады. Қалған 3% тұрғындар үшін спутниктік технологиялар техникалық мүмкін болады. Ауылдық жерлерде Интернетке қол жетімділікті арттыру «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының электронды денсаулық сақтау, электрондық қызметтерді ұсыну және басқа да жобаларын жүзеге асырудың негізгі элементі болып табылады », - деді ол.
https://www.inform.kz/ru/5g-poyavitsya-v-kazahstane-v-2021-godu_a3570887